Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ақтарылып бағайын....)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ақтарылып бағайын....)

Ақтарылып бағайын,
Аңғарғайсың бар мәнін:
Айныса да ағайын,
Айнымасын арманың!

Асау өзен, асылы,
Ағар бұзып арнаны.
Азайса да асылың,
Азаймасын арманың!

Жанға шипа бал түні
Жұлдызыңды қармағын...
Жоғалса да алтының,
Жоғалмаған арманың!

Жолын қуып жаманның,
Жұқтырмайтын арға шаң.
Арманы үлкен Адамның
Өзі де үлкен әрқашан!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза әли Ақтарылып бағайын өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]