Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Сағындым, жайық)

Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Сағындым, жайық)

Сағындым сені, Жайық, алма бақты,
Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.
Сүюші ем төңкерілген толқыныңды.
Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Суыңа қармақ салып, ілгем талай
Күмістей жалтыраған ақ шабақты.
Елімнің, еркіндіктің ерке өзені.
Өзенсің өзегің кең марқабатты.
Сен десе елестейді туған жерім,
Көркейткен мөлдір суын жер бедерін,
Құрбымен, құрдастармен күліп-ойнап,
Желбегей желді түнде жүргендерім.
Жағаңда ойға шомып отырғаным.
Қиялдың кезек басып пернелерін.
Ең кемі, туған жердің топырағыда
Жүрегін толқытады жауынгердің.
Асынып аттанарда қару-жарақ,
Серт еткен ұландарын саған карап.
Толқының тіл қатқандай болды бізге:
«Жағамды жүрмесін, - деп жау аралап
Есінде жүрдің, Жайық, елеріңнің
Шапқанда атакаға сан «ұралап».
Сонда біз сен үшін де соғысқанбыз.
Ұшынан штыктардың қан сорғалап.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұбан молдағалиев Сағындым жайық өлең казакша олен жубан молдагалиев стихи на казахском, жұбан молдағалиев өлеңдері, жубан молдагалиев олендери казакша, стихи на казахском жубан молдагалиев, Сағындым, жайық, жайық туралы өлеңдер, жайық туралы өлең, жайык туралы олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]