Қазақша өлең: Полонский Яков (Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Полонский Яков (Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы) [Абай аудармасы]

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,
Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы.
Сол жүректен жылылық, достық пенен
Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша,
Бірінен бірі үлесіп алысқанша.
Құмарланар, сүйісер жүрек тауып,
Қытықсыз қызықпенен бас қосқанша.
Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек,
Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.
Осы сенің қызығың, қуанышың
Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек.
Бейне бір сол қазынаны бір жау алмақ,
Жүректің кең дариясы құрып қалмақ.
Суық ақыл жүрекке бұйрық жазып,
Оны бір өзі өзгеше жолға салмақ.
Жүрегін пайдасы үшін жұрт ұсатпақ,
Кірмен өлшеп базарға ұстап сатпақ.
Оны сатып, ол кімді уатады?
Оның өзін тағы да кім уатпақ?
Жұрт айтқан сол ант мезгіл келсең керек…
Мен де пенде, амалсыз көнсем керек.
Қызығы зор қайран дос, қайран тату,
Сендер өлдің, мен-дағы өлсем керек!
Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға,
Алла асыраған пендесі аш бола ма?
Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай құнанбаев аудармалары Полонский Яков Жүректе көп қазына бар бәрі жақсы аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]