Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Балапандар жыры)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Балапандар жыры)

Қақтық қанат балапандай
Жасыл дала көк торғында.
Қызыл шешек дамыл алмай
Қол бұлғайды кел деп мұнда,
Қақтық қанат балапандай
Гүлден гүлге, нұрдан нұрға.
Әнші бұлбұл дамыл алмай
Дейді бізге жырла, жырла.
Қақтық қанат балапандай
Айдын келге, ағын суға,
Айдай аққу дамыл алмай
Шақырады үн қосуға.
Қақтық қанат балапандай
Бақытты Отан құшағында.
Бізден ерлік көзін алмай
Шақырады кел деп мұнда.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбділда тәжібаев Балапандар жыры өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев өлеңі, абдильда тажибаев олени, абдильда тажибаев стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]