Қазақша өлең: Әкеме

Қазақша өлең: Әкеме

Менің әкем- намысшыл ер, жауынгер
Әскерінде Бауыржандай батырдың.
Менің әкем- сырласы да мұңдасы
Жырды сүйген Мұқағали ақынның.

Менің әкем- бабалардың баласы
Елім дейтін, жерім дейтін жүрекпен.
Менің әкем- елінің бір ағасы
Ұстаздық қып тәлім берген түлекке.

Менің әкем- пірім менің, ардақтым
Ақыл, қайрат, білім оның қорғаны.
Менің әкем- нағыз ұлы қазақтың!
Басқа білмес өзім білсем болғаны.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әкеге арналған өлеңдер, әкеге арналған өлең жолдары, әкеге арналған өлең шумақтары, әке туралы өлең шумақтары, өлендер әкеме өлең олен стихи отец мой

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]