Қазақша өлең: Жан әке

Қазақша өлең: Жан әке

Әкеме 30-40 жас

Өмірдің көрген талай жол торабын,
Әкеден кім аяйды қолда барын.
Әкенің ақ тілегін тілеу парыз,
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын.

Ыстық – ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген,
Өмірдің соқпағынан өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың асып тасып жартасынан,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран салып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің ортасында.

Жан әке

Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,
Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!

Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!
Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!
Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,
Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!

Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке!
Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке!
Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым
Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әке өлең, әке туралы өлең, әке туралы өлең шумақтары, әке туралы өлең жолдары, әке туралы өлең текст, әкеге өлең, әке өлең шумақтары, стихи на казахском языке про отца, стихи на казахском языке про папу, аке туралы олен, аке олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]