Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қастерлі тұлға - Мұғалім!)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қастерлі тұлға - Мұғалім!)

Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Шәкіртке шуақ төгетін,
Жанына мейір егетін.
Еңбекпенен жалықпай,
Білімнің нәрін себетін.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Кешегі балаң түлегі,
Есінде мәңгі жүреді.
Кетсе де алыс өзінен,
Ұстаз боп қалар үнемі!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
білім күні туралы өлеңдер, ұстаз туралы өлең, мұғалімдер туралы өлеңдер, мұғалім туралы өлең шумақтар, ғабиден қожахмет Қастерлі тұлға - Мұғалім өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]