Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орал)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орал)

Көк астында бір алып,
Көргенімде Оралды.
Көк вагонда ырғалып,
Көкірегімді жыр алды.

Жатты Орал жиһанның,
Мырзасындай береген.
Әр өлкесі Отанның.
Ғажап еді не деген!

Тау жүрегін соқтырып,
Жатыр алуан зауыттар.
Құрыш құйған отты үріп
Онда батыр халық бар.

Бөктерінде көк егін,
Жатыр колхоз қарық боп.
Шіркін, Орал көлемін,
Құшар ма едім алып боп!

Ақты пойыз, найзағай
Тізбегіндей түндегі.
Ай астында айнадай,
Кетті тартып ілгері.

«Жігіт, жырың беріп кет»,
Дегендей бір сөз тастап.
Қапталдасып еріп кеп,
Қалды Орал алыстап.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
орал қаласы туралы өлең, ғафу қайырбеков Орал стихи өлең гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]