Өлең: Таныстыру | Алтын күз (Ұл бала мен қыз бала)

Өлең: Таныстыру | Алтын күз (Ұл бала мен қыз бала)

Қыз бала: Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.
Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз

Ұл бала. Аманбысың ағайын құрбы құрдас.
Тілегі бір замандас ізгі сырлас
Кезекті берейік танысуға
Біз келдік ЭЕТ-дан сайысуға

Ұл бала: Қасымда жұбым бар Шолпан атты
Сұлу да сымбатты, инабатты
Ортаға қол ұстасып шыққан кезде
Талай адам тамсанып таңдай қақты

Ұл бала: Жүзіңде күннің нұры ұялаған
Мұндай жан жер бетінде туылмаған
Көркіңде тұрар мәңгі арай шашып
Танысыңдар міне Шолпан осындай жан

Қыз бала: Бектас тұр жанымда жарқыраған
Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған
Армандап талай жандар бір көруге
Аңсау менен түндерді таңды атырған

Қыз-ұл бала: Ортаға қол ұстасып біз шығайық
Өмірдің шапағатын біз құрайық
Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа
Иемденіп бас жүлдені біз алайық

Ай секілді өзі де,
Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.
Томирис деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.

Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген Елдос.

Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
Аиша қыз сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Нурали

Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Камила кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.

Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын
Ғарышкер болу арманы.Әмирді шақырсақ болғаны

Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Руфинаға,
Әдемі есім теңгерген.

Қуантады білімімен бізді Нұрым
Қарсы алайық,қол соғып Нұрымды біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз

Қуантады біліммен,бізді ол қыз,
Қол соғып қарсы алайық Дилназды біз.
Талабыңа білімің серік болсын.
Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын.

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Руслан
Көрінген күштің басынын

Келесі ару Айзере,
Барлық пәнді меңгерген.
Анасы мен әкесінің
Ибалы қызы ол бүгін.
Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ерасыл
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алтын күз, алтын күз таныстыру, таныстыру, алтын күзге күз таныстыру өлеңдері, таныстыру қыз бен балага ұлға жігітке, қыз бен жігіт таныстыру, алтын күз таныстыру ұл балаға қыз балаға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]