Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Хұтб)

Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Хұтб)

Қысқа өмірді қалғыған қоратын кім?
Құс Тәңірдің алтындап қанатын күн.
Жетімдері жетілген үй секілді
Жұлдыз жағып жатқаны қара түннің.

Кешір мені көгілдір көктегі әнім,
Кешір мені бейкүнә бақтағы өмір.
Есімде әлі қайыңның белін қысып
Басылғаным жете алмай көкке қолым.

Шашы ағарған шал аспан...көшкен өңір,
Қан тарайды қолынан кеште қоңыр.
Қойды көрсем түседі еске тобыр,
Айды көрсем түседі еске Тәңір.

«Ыыы...ана,Алла рас...құранда...
сүйсе кімді,
Патшада сол,піріңде,би,сотыңда»
Жұлдыз ағып жатқаны – ай қара түнде
Жетімдерін жерлеген үй секілді.

Кешір мені көгілдір көктегі әнім,
Кешір мені жетпеді көкке қолым.
Есімде әлі ерніңде өткен өмір,
Есімде әлі сертіңде кеткен өңір.

Қателігім секілді көбі менің,
Қайғыдан қан жұтынды көкірегім.
Ай,бұған...О,Ай,бұған сен не дейсің?
...соңғы рет жыр оқиық өтінемін.
«алаң да алаң, алаң жұрт..»
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Нұрболат Жолдасбек Хұтб өлең олен Нурболат Жолдасбек стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]