Қазақша өлең: Олжас Отар (Қазақтың арулары!)

Қазақша өлең: Олжас Отар (Қазақтың арулары!)

Ханшадай ертедегі,
Шетінен көркем еді.
Жанымды өртеп еді,
Қазақтың арулары -
Даламның еркелері!
Қазақтың арулары.

Күтетін алдан бағы,
Тектілік - талғамдары.
Талайдың армандары -
Қазақтың аруларын
Ұнатып қалғам тағы!
Қазақтың аруларын.

Ұнатпау қиын екен,
Пəктігі биік екен.
Сезімі құйын екен,
Қазақтың аруларын.
Мəңгілік сүйіп өтем.
Қазақтың аруларын!

Шолпандай жұлдыздары,
Адалдық - шың, құздары.
Жайнаған құндыз бағы,
Қазақтың арулары,
Жұмақтың үр қыздары.
Қазақтың арулары!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Олжас Отар Қазақтың арулары өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, Олжас Отар өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Қазақтың арулары, қазақ қызы туралы өлеңдер, Олжас Отар өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, қыз туралы өлең жолдары, қыз туралы өлең шумақтары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]