Қазақша өлең: Болат Кенішбаев (Ақ Ертісім – Ұланым!)

Қазақша өлең: Болат Кенішбаев (Ақ Ертісім – Ұланым!)

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев.
Әні: А.Ж. Есмұханов.
Орындаған: А.Ж. Есмұханов.


Қалба, Кіндік таулары-ай,
Сібенің шалқар көлдері-ай,
Точканың жанғыз талдары-ай!
Жастығым өткен, жастығым өткен,
Жастығым өткен жерлер-ай!

Қайырмасы:

Ақ Ертісім – Ұланым!
Ұрандаған бұл әнім,
Сағынғанда жерімді,
Шырқап салар бұл әнім!
Сағынғанда жерімді,
Шырқап салар бұл әнім!


Жер ортасы секілді-ай,
Айыртау, Көктау жерлері-ай,
Нұрын шашқан киелі-ай!
Жастығым өткен, жастығым өткен,
Жастығым өткен жерлер-ай!

Қайырмасы:

Ақ Ертісім – Ұланым!
Ұрандаған бұл әнім,
Сағынғанда жерімді,
Шырқап салар бұл әнім!
Сағынғанда жерімді,
Шырқап салар бұл әнім!


Қасиетті жер үшін,
Ұл-қызы туған ел үшін!
Ұланнан шыққан батырлар,
Жанын берген сен үшін!
Ұланнан шыққан батырлар,
Жанын берген сен үшін!

Қайырмасы:

Ақ Ертісім – Ұланым!
Ұрандаған бұл әнім,
Сағынғанда жерімді,
Шырқап салар бұл әнім!
Сағынғанда жерімді,
Шырқап салар бұл әнім!
Бұқтырма асау теңізім,
Ақбауыр жартас кенішім!
Туған жерім жүрегім,
Жыр жазамын сен үшін!
Туған жерім жүрегім,
Жыр жазамын сен үшін!
Жыр жазамын сен үшін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Болат Кенішбаев Ақ Ертісім – Ұланым өлең олен Болат Кеншбаев стихи на казахском, Болат Кенішбаев өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]