Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Шарболат)

Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Шарболат)

Шарболатты суға сал,
Қызып тұрған шағында!
Елден ер боп тумасаң,
Енші даулап қағынба.
Бас құлықсыз құлаққа,
Тез жүрмейді құнысқа.
Жата берсе қынапта,
Қылыш шіркін қылыш па?!
Таусылғанша таланың
Сен елдесің, ел сенде!
Ақылың мен амалың
Серік болсын семсерге!
Жаратқанның жарлығын
Қаперге алған қай залым?
Шаңырақтың тағдыры
Намысында найзаның!
Санаң неге самарқау,
Сап құрайтын күн қайда?!
Жер жүрегі – Жанартау,
Атқылайтын күн қайда?!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Исраил Сапарбай Шарболат өлең олен стихи на казахском, Исраил Сапарбай өлеңдері, Исраил Сапарбай стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]