Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым)

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым)

Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым.
Аңсап,аңсап ақыл-естен ауыстым.
Ғұмыр бойы қол созып,
Көз жетпейтін қиянға,
Сөз жетпейтін қиялға,
Бір арманнан адасып,
Бір арманмен қауыштым.
Жабығып,жабығып жабырқаулы күй кештім,
Зарығып,зарығып қайғы-мұңмен үйлестім.
Тұлабойым толған бір,
Сезім дейтін бал-тұғын,
Нәрін,бәрін сарқыдым.
Бұл арманды жалт еткен,
Ол армандай сүймеспін.
Жылатып,жұбатып шыңдады өмір көп мені,
Гүл атып,қуантып сарғайды көңіл көктемі.
Бәлкім дұрыс та шығар,
Түнемей де,түстенбей,
Құдіреті күш бермей,
Арман болған ақ арман,
Бағындырмай кеткені...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жанкелді Немеребай сағынып сағынышты тауыстым өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, сағынып сағынышты тауыстым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]