Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Орамалын кестелеп...)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Орамалын кестелеп...)

Романс

Таң алдында тәтті ұйықтап
Тынықты жас келіншек,
Отырған ол түн ұзақ ,
Орамалын кестелеп.

Алыста жүр сүйгені
Шекараны күзетіп.
Кеше ғана хат келді
Қайтамын деп жыл өтіп.

Қуанышты жарының
Айтқан сөзі еске кеп,
Отырды түн ұзақта,
Орамалын кестелеп

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Орамалын кестелеп... өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, стихи на казахском языке известных авторов, Орамалын кестелеп...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]