Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Теңіз музыкасы)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Теңіз музыкасы)

Толғанады,
Долданады,
Теңіз шеру- күй тартып.
Ырғалады,
Ыңыранады,
Кейде күнге құмартып.
Кейде сыңсып,
Толқын ыршып,
Шалқымасын шертеді.
Бұраңдайды,
Сылаңдайды
Назды бимен еркелі.
Шамырқанып,
Шалқып барып
Аккордымен алғашқы,
Шықса дауыл,
Қағып дабыл,
Сабалайды жартасты.
Тыңдап әнін,
Ұнатамын
Теңіз даусын өкімді.
Өмірге тең,
Үні төтен
Симфония секілді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Теңіз музыкасы өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, Теңіз музыкасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]