Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жердің жұмырлығы)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жердің жұмырлығы)

Оқудан қайтты жас Сапар,
Терде отырған ақсақал
Орын берді қасынан.
- He білдің, балам? He хабар?
Жұлып алды жас Сапар
Тақияны басынан:
- Тыңдаңыз, міне, қария!
Жер деген - мынау тақия,
Тап осындай жұп-жұмыр,
Екі басы сопақ па?
Қараңыз енді Күн жаққа:
Лампы мынау - Күнің тұр.
Домалай ма?
Домалайд!
Құламай ма?
Құламайд!
Бұл осымен болды ма?!
- Тоқтат мынау шіркінді,
Басы жұмыр пенде енді
Жерді де жұмыр қылды ма?
- Жоқ, ата, бұл - жағырафия,
Міне, сізге тақия!
Сенбеуіңіз жарамайд.
Домалай ма?
Домалайд.
Құламай ма?
Құламайд,
Тап осындай домалайд!
- Мынаны қалай жүктейміз:
Біз неге құлап кетпейміз?
Домаланса, мұнысы не?
Сөздің қарашы қатасын!..
Құласаң, құлап жатасың!
Жердің онда жұмысы не?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Жердің жұмырлығы өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Жердің жұмырлығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]