Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қызыл жалау)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қызыл жалау)

-Жалынды жалау кімдікі?
-Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қызыл шоқ жалау кімдікі?
-Кім де кім: «Тәңірім - от,- десе,-
Басқа Тәңірім жоқ»,- десе,
Қызыл шоқ жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қызыл шоқ жалау кімдікі?
-Кім де кім шикі қан жұтса,
Қан аңсап жүріп шаң жұтса -
Қызыл қан жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қанды жас жалау кімдікі?
-Кімнің ұлы құл болса,
Тұлымдысы тұл болса -
Қанды жас жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Өртенген жалау кімдікі?
-Кім өртенген гүлдемей,
Кім таланған, кім кедей -
Өртенген жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Азаттық жалау кімдікі?
-Көре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе кім кемдік -
Азаттық жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
магжан жумабаев Қызыл жалау өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Қызыл жалау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]