Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Кенежирен)

Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Кенежирен)

Алдынан сөре, артынан қиқу таялса,
Бұзаутіс қамшы бұтынан шақса шаянша,
Құлажирен ат құйқылжып шығып баянша,
Құла бір дөңнен құйқылжыр еді қоянша.

Арқасы қозса, ылди ма, өр ме, елемей,
Зымырар еді сындарлы сырлы жебедей,
Ауаны тасып аспанда ұшқан кемедей,
Немесе безіп түрмеден қашқан немедей.

Зырқырар еді сүрінем деп те қорықпай,
Тоқтатар оны кедергілер де жолықпай.
Сөрені бетке ап үш күндік жерден зорықпай,
Құйындар еді құланын көрген қодықтай.

Ән болып біткен Құлагер әлгі күліктей,
Бәйгеден келсе керінейшілер де ілікпей.
Алшаңдар еді ала аяқтары бірікпей,
Қылықты қыздың қасынан келген жігіттей…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жуматай жакыпбаев Кенежирен стихи на казахском языке казакша олен жұматай жақыпбаев өлең, жұматай жақыпбаев өлеңдері, жуматай жакыпбаев олендери, жуматай жакыпбаев стихи на казахском языке, стихи на казахском языке жуматай жакыпбаев, жуматай жакыпбаев казакша олен олендери, Кенежирен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]