Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Бола бермес бәйгеде әркім алды)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Бола бермес бәйгеде әркім алды)

Бола бермес бәйгеде әркім алды,
Жетем деген көп жерден көңілім қалды.
Қақсам болдым барында қанатымды,
Бақсам болды әлпештеп балаларды.
Болам деген ойым жоқ мүлдем ірі,
Қуанышым өлкемнің гүлді өңірі.
Келер елдің бағындай көрінеді
Немеремнің бір нәрсе білгендігі.
Көтерілем, көбейем көп себептен,
Ешкім жоқ қой дүниеден ән сап өткен.
Бәрін көріп көзіммен, ал сөзіммен
Көмектесіп соларға кетсем әттең.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туманбай молдагалиев Бола бермес бәйгеде әркім алды стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Бола бермес бәйгеде әркім алды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]