Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сонау алыс карелия)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сонау алыс карелия)

Сонау алыс Карелия
Ну ормандар бұйра бұлттай,
Талай жылдар тербеп жанды
Қоймадыңдар күйді ағытпай.
Құлап сызды топыраққа,
Жатыр сонда ағай біздің,
Жапты талай жапырақтар,
Тамды жасы талай күздің.
Қос қанатын жайып теріс,
Жүгірді жел жағалай жар.
Көмді жуып, шайып теңіз,
Шулады жас қарағайлар.
Тартты жылап мұнарлы көк,
Жанып өлген жан азасын.
Шағалалар шығарды тек
Көкте шулап жаназасын.
Төрімде тұр оның өзі,
Көңілімде ескірген жоқ.
Өкініші — соңғы сөзі
Еш адамға естілген жоқ.
Ауа, күнге жаппай құмар,
Болатын-ды ол өмірде.
Айтыңдаршы, ақ қайыңдар,
Не деді ол өлерінде.
Сонау алыс Карелия,
Ну ормандар, көк толқындар,
Не деп ағай кетті, айтыңдар,
Ну ормандар, көк толқындар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Сонау алыс карелия өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Сонау алыс карелия

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]