Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Болат қалқан)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Болат қалқан)

Айта аламын әрқашан,
Орал сені мықты деп,
Жүгін, көкке нанбасаң
Тауларың тұр бұлт тіреп.
Айта аламын әрқашан
Жаралған деп сені оттан.
Сұра барып нанбасаң
Өзің қорытқан болаттан.
Айта аламын әрқашан,
Ер деп қорқу білмеген.
Жүгін, желге нанбасаң
Жалыныңды үрлеген.
Айта аламын әрқашан
Деп өзіңді күн ыссы.
Жүгін, маған нанбасаң
Солай дейді жұмысшы.
Ауыр күні соғыстың
Болатыңмен болыстың.
Көк темірді құрсандың
Қалқаны боп орыстың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Болат қалқан өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Болат қалқан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]