Қазақша өлең: Иса Байзақов (Алатау)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Алатау)

Бұлт буған басыңды, қарлы Алатау,
Бір заманда қайғылы, зарлы Алатау.
Қойныңа жезтырнақтың қолын салып,
Сұмырай сорған сүтіңді, шерлі Алатау.

Қайырмасы:
Асқақтаған Алатау,
Бауырың толған бақша-бау.
Май айында майысып,
Жұпар исің аңқиды-ау.

Мұзың күміс, суың бал, тасың мыстан,
Таудан бұлақ ағады-ау алтын құсқан.
Қызыл туың желбіреп, желкілдетіп,
Қоныс алды іргеңнен Қазақстан.

Қайырмасы:
Салаң салқын кең жайлау,
Бұлақ аққан мың тарау,
Алма, миуаң жетіліп,
Бұлбұл құсың сайрайды-ау.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Алатау олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Алатау, алатау туралы тақпақ, алатау туралы өлеңдер, алатау туралы өлең олен, стих на казахском языке алатау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]