Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ленин)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ленин)

Ленин - бүтін бейнетқорлар жүрегі,
Ленин - бүтін еңбекші тап тірегі,
Өлсе дағы өлмейді деп сенеміз,
Мәңгі қабыл бола бермек тілегі.
Өмір бойы өмір іздеп алыстан,
Қайраттанып, дұшпанымен алысқан,
Бейнетқорлар қаһарманы басшысы,
Коммуналық тұрмыстағы данышпан.
Ес білгеннен кедей мұңын жырлаған,
Қиянатшы жауыздарды қарғаған,
Патшашыл мен байшылдарға нәлет деп,
Ерлігімен дүние жүзін шарлаған.
Бейнетқорлар бостандыққа жетсін деп,
Залым жұрттар қан сормасын, бітсін деп,
Сүйген жалғыз бейнетқорлар жүрегі,
Тас бауырлық, рақымсыздың кетсін деп.
Ленин өлді, пікірі оньің өлген жоқ,
Ленин өлді, жолын ешкім жеңген жоқ,
Ленин - бүтін коммунистер жүрегі,
Жүрек оны өлді деп те сенген жоқ.
Жер жүзінде коммунизм орнығар,
Жаңа дүние жасарлық-ақ орны бар,
Қай күнде де махаббаты жойылмас,
Шын қамқорға шын сүюші табылар.
Жасар мәңгі коммунизм халқымен,
Күллі жұртқа мәңгі бақыт табьілар,
Аңылы кен, асып туған дананы,
Өзгерістің тарихында бағалар.
Қош, қош, Ленин, бейнетқордың қорғаны,
Сен мәңгілік коммунистің ұраны,
Біз бақытты тудың сенің тұсыңда,
Келешектің сен боларсың арманы.
Ленин - бүтін бейнетқорлар жүрегі,
Ленин - бүтін еңбекші тап тірегі.
Өлсе дағы өлмейді деп сенеміз,
Мәңгі қабыл бола бермек тілегі.

Январь, 1924 ж.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Ленин туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Ленин, ленин туралы өлеңдер, ленин туралы олен, стихи на казахском языке про ленин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]