Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Біз гүл едік)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Біз гүл едік)

Біз гүл едік
Ортақ майда көктеген,
Көп гүл едік
Көктем берген леппенен.

Достық деген
Алтын арқан байланып,
Қосақталып
Бір қазықтан кетпеген.

Обалың не –
Бірдей қатар дүзедік,
Махаббаттан
Жүз тіріліп, жүз өліп.

Ығы-жығы Жәрмеңкенің төсінде
Сырнайлатқан
Сырбаздарың біз едік.
Тауға қарап

Ақша бұлттар көшкенде,
Дария бойлап,
Ақ қайықтар ескенде,
Біз екен – деп

Ойлап қалам елегзіп,
Я - сен – деп
Қоштамайды еш пенде.
Тек төбемнен

Жауып өткен ақ нөсер –
Мұнда сенің
Жас мінезің бар десер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Біз гүл едік өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Біз гүл едік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]