Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Ұмыт мені...)

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Ұмыт мені...)

Ұмыт мені...
ойлама,
өшір мені есіңнен,
Өлсін ойлар,
өлсін сөз,
өлсін Өмір есірген.
Менің досым – «Өкініш» – Сенің ессіз ғашығың,
Енді Мен де мыңдаған ғасырлардың жасымын.
Қан аралас жаспын – Мен, өтінемін жолама,
Менің сорлы сезімім қаңғып өлсін далада!
Өлсін дала қамығып,
Өлсін қала қағынып,
Мен де өлейін дұғамда.
Өлсін қазір Уақыт, ұмыт, ұмыт барлығын,
Өлсін түндер көміліп, өлсін шөлдеп зарлы күн!
Аңсар сөзін ұқпадың, Мен адастым жоқ шара,
Кінә тақпа Тағдырға, сосын, Мені ақтама.
Өткен ғұмыр – хақ Тағдыр, келер күндер Еркіңде,
Мен Еркіңде өртендім, Сен айныма сертіңде,
Өлді.
Бітті.
Жоғалды.
Сөнді үміт – қайғылы ой,
Ұмыт мені, ұйықта,
Әлди,
әлди,
әлди-ай,
Кекіліңнің әр талын гүлмен тарап берейін,
Кірпігіңді, жан сөзім, жырмен санап берейін,
Қайырындай Сәлемнің, мейіріндей Тілектің,
Көздеріңнен сүйейін ерінімен жүректің...
Ұмыт мені, болды енді мүлде, мүлде ойлама,
Бірге өткізген тәтті түн – Сенің Түсің жай ғана,
Ғұмырымды өрнектеп ақ махаббат билеген,
Бірге өткізген сәтті күн – Менің Түсім жай ғана...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бауыржан қарағызұлы Ұмыт мені... өлең олен бауыржан карагызулы стихи на казахском языке, бауыржан қарағызұлы өлеңдері, бауыржан карагызулы олендери, стихи на казахском языке бауыржан карагызулы, акын бауыржан карагызулы, Ұмыт мені...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]