Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)

Таулар ақын болар ма еді тым биік,
теңіз ақын болар ма еді тұңғиық,
жолдар ақын болар ма еді тағдырлы,
мезгіл ақын болар ма еді жаңбырлы,
құстар ақын болар ма еді ерікті,
гүлдер ақын болар ма еді көрікті,
алқызыл таң, алқоңыр түн құмарлы,
тастар ақын болар ма еді шыдамды,
аспан ақын болар ма еді сүйеусіз,
құрбың ақын болар ма еді күйеусіз,
бәлкім, ақын болар ма еді кең дала,
неге ақын болдың екен сен ғана?!.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Ақын қызға өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Ақын қызға, ақын туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]