Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Уақыт баяу... тез өтеді)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Уақыт баяу... тез өтеді)

Уақыт баяу... тез өтеді,
Жылап аққан жылға сынды,
Бізді жылдар сөз етеді,
Сөз етеміз біз ғасырды.

Қандай еді парқы, білсең,
Біле алмасаң - сорың дағы.
Өмір деген - жарты күлше,
Жетім ұлдың қолындағы.

Бəлкім соны көз етеді,
Оң мен теріс - ызба сынды.
Бізді жылдар мезі етеді,
Мезі етеміз біз ғасырды...

Келері - жұп, кетері - тақ,
О, не деген бейқам адам?!
...Жан жұмбағы - көне кітап,
Соқыр ойың сипалаған.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Уақыт баяу... тез өтеді өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Уақыт баяу... тез өтеді, уақыт туралы өлең, уакыт туралы олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]