Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Зар)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Зар)

Ұртым: бұлтың-бұлтың,
Күлкім: жыртың-жыртың.
Тілім: тілім-тілім,
Дінім: ырың-жырың.

Кәсібім: қылтың-сылтың,
Нәпсім: жылтың-жылтың.
Құбылам: базар маңы,
Базарым: қарын қамы.

Ұлым: мең-зең,
Қызым: кердең.
Миым: мәңгүрт,
Ойым: өлген.

Ошағым: ойран,
Отбасым: майдан.
Ақылдан асты
Алпыс екі айлам.

Ақшам: құнсыз,
Бақшам: гүлсіз.
Халық: қажыған,
Билік: «мінсіз».

Баспанам: жоқ!
Астанам: «тоқ»!
Өзегім: өрт,
Жүрегім: шоқ!

Жазғаным: «жесір»,
Көргенім: кесір.
Өмірдің мынау
Айтамын несін?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асылзат арыстанбек Зар стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Зар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]