Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббаттың жазылмаған заңы)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббаттың жазылмаған заңы)

Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.
Аз ба өмірде жылап жүріп күлгендер,
Құр күлкінің қасіретін білгендер.
Ойлашы өзің, аз ба мынау әлемде
Сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер.
Өмір солай, күйзеліс көп, жұлқыс көп,
Болсын, мейлі, дінің түзу, тұрмыс тоқ,
Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен,
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи мухтар шаханов на казахском языке Мұхтар Шаханов Қазақша Махаббаттың жазылмаған заңы өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, мұхтар шаханов өлең стихи на казахском языке мухтар шаханов казакша олен, мұхтар шаханов өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мухтар шаханов, мухтар шаханов казакша олендер, Махаббаттың жазылмаған заңы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]