Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өлең деген тумайды жайшылықта)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өлең деген тумайды жайшылықта)

Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылыңта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Айшылық жол...
Шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың.
Жол азабын көресің, көресің де
Ашынасың, біресе бағынасың.
Даламенен жүресің, тау асасың,
Сезесің биігін де аласасын.
Кенезең кепкенде бір, лай суға
Кез келген мақұлықпен таласасың.
Сапар ұзақ.
Тағы да аяңдайсың,
Алыпқашпаң басылып, баяулайсың.
Ел шетіне жетесің, жетесің де
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың.
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйттай жүйең қалмайды сілкімеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада
Адаспайтын болғай-ды шіркін өлең.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Өлең деген тумайды жайшылықта өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мукагали макатаев, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Өлең деген тумайды жайшылықта, олен деген тумайды жайшылыкта макатаев мукагали

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]