Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Достарға тілек)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Достарға тілек)

Тек осылай шын қуаныш тасқындар,
Қалауы осы - сендер үшін достың бар.
Құтты болсын шаттық туған күндерің,
Жастарыңа тағы бір жас қостыңдар.

Тілек осы айтылатын жүректен,
Айта жатар өзгелер де ретпен.
Дәл осыдан қаншама жыл... дүниеге
Бұл қос перзент анасынан "шыр" еткен.

Отбасына егілді деп бақ-шыбық,
Ата-анасы көрсетпеді тапшылық.
Туған күннің иелері, сендерге
Мына өмірде келсін барлық жақсылық!

Ата-анаға ұрпақ болып жалғандың,
Бақыт болып туа берсін алдан күн!
Мақсаттарың орындалып өмірде,
Бағынсыншы биік шыңы арманның!

Осы күннің қуанышын тапқандар,
Күте берсін сендерді алдан ақ таңдар!
Алдағы өмір жетіңдер де мұратқа,
Ата-ананың ақ үмітін ақтаңдар!

Әрдайым да ашық болсын аспаның!
Тек тілекші болып тұрсын достарың!
Туған күнің туған күнге жалғасып,
Жастарыңа қосылсыншы жастарың!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғабиден қожахмет Достарға тілек өлең олен стихи на казахском габиден кожахмет, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет олендери, ғабиден қожахмет өлеңдері, Достарға тілек, достарга арналган олен тилек, достарга арналган тилек создер, достарга арналган олендер, достарға арналған өлең жолдары, достарға арналған өлеңдер, дос туралы өлең шумақтары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]