Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефон шыр етеді)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефон шыр етеді)

Телефон шыр етеді:
сонда менің жүрегім дір етеді,
көйлегімнің желбіреп гүл етегі
жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Тек қиялдау көңілді жүдетеді.
Кешке дейін неше рет дірілдетіп,
мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймін енді мен - қылғын, сарна!
Жүрегіме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесінен бір қойып сындырсам ба?!
Әне тағы... сені ме!
Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Телефон шыр етеді өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Телефон шыр етеді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]