Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Табылмай бір керім жігіт)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Табылмай бір керім жігіт)

"Сізге ғана
құштармын", - деп,
көп жігіттер
ғашық болды.
Бір
"керімін" ұстармын деп,
қыз көңілі тасып
толды.
Біреуінің бойы
қысқа,
біреуінің мұрны
жаман,
біреуі өте алып
ұшпа,
біреуі тым
тұнжыраған.
Сұрыптады, іріктеді,
жұмысы да тексерілді.
"Маған тең
жоқ жігіт", - деді,
таба алмады еш
"керімді".
Орны бар жас,
кәрінің де,
сүйе білсе,
теңін біліп.
Сол ару жүр әлі
күнге
табылмай бір
"керім" жігіт.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Табылмай бір керім жігіт өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Табылмай бір керім жігіт

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]