Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефоны құрғырың үндемеді)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефоны құрғырың үндемеді)

Телефоны құрғырың үндемеді -
оятпады мазалап түнде мені.
Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп
кетеміз, жүр демеді.
Ақ айдынға тоғытып жыр-кемені,
желмен ұшып жанымның мұң-желегі,
ағыстармен алысар арман сәттер
ұмытты мүлде мені.
Жақындатпай, алдырмай ой қамалы,
үміт, ыза - жиылып бойға бәрі,
арман оты жарқылдап жанарымда
найзағай ойнамады.
Азаптың да рақат бар мұңдары,
сені сағынғаным да - жанның нәрі.
Осы бір сәт тыныштық болса игі еді
дауылдың алдындағы!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Телефоны құрғырың үндемеді өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Телефоны құрғырың үндемеді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]