Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Бүгін, ертең)

Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Бүгін, ертең)

Жаздың алды, жас өмірім солады,
Сарша тамыз, от жүрегім тоңады.
Көкірегімді кернеп кейде шыдатпай,
Бірдеңе деп сөйлегендей соғады.
«Жібершілеп» тасыр салған ой ма екен,
Немене екен, әлде жегі жей ме екен?
Сергек көңілім құлақ салып тыңдап ед,
«Бүгін, ертең, бүгін, ертең» дейді екен.
Не дегені, дені сау ма, тентек пе?
Күні бүгін, яки ертең ертпек пе?..
Тегіндік пе, қуаныш па, қайғы ма?
Бүгін, ертең мәңгілікке кетпек пе?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бернияз күлеев Бүгін ертең өлең стихи на казахском бернияз кулеев казакша олен, бернияз күлеев өлеңдері, стихи на казахском языке бернияз кулеев, бернияз кулеев олендери, Бүгін, ертең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]