Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Арыс жағасында)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Арыс жағасында)

Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым
Жайнаған гүлдей құрбым сен
Жағада тұрдың сен

Қайырмасы:
Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым

Алдыңда бір бақыт
Тұрғандай тіл қатып
Толқынға қарап ойлана
Әндеттің жай ғана

Қайырмасы:
Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым

Нұр шашып өзіңнен
Бір нәзік сезіммен
Жібектей шашың толқындап
Қалып ең қол бұлғап

Қайырмасы:
Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым

Кете ме осылай
Әніміз қосылмай
Аяулы таңым сен едің
Көрсем деп келемін

Қайырмасы:
Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Арыс жағасында өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, шәмші қалдаяқов өлеңдері, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери, Арыс жағасында

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]