Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Бақыт құшағында)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Бақыт құшағында)

Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім
Әйтеуір нұр құштым
Әйтеуір гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады

Қайырмасы:
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады

Қайырмасы:
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген
Бір нәзік шуақпын
Жаныңа үнілген
Сүйемін мен күнді
Көңілді жалынды
Сен биле еркімді
Әлдиле жанымды

Қайырмасы:
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Бақыт құшағында өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, шәмші қалдаяқов өлеңдері, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери, Бақыт құшағында

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]