Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Бәрінен де сен сұлу)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Бәрінен де сен сұлу)

Жаз күнінде жайнаған
Масатыдай жер сұлу.
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.

Қайырмасы:

Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан
Бәрінен де сен сұлу.

Нұрын төккен қырмызы
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы
Айлы кеште түн сұлу.

Қайырмасы.

Тәрбиелі, тамаша
Бал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса
Талай абзал бар сұлу.

Қайырмасы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Бәрінен де сен сұлу өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери текст, шәмші қалдаяқов өлеңдері текст, Бәрінен де сен сұлу, бәрінен де сен сұлу текст песни шамши калдаякова, баринен де сен сулу текст песни шамши калдаякова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]