Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Hap тәуекел)

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Hap тәуекел)

Hap тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,
Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!
Бұл сапарда сүрініп те қалармын,
Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!
Жығылам деп, жүре алмаймын жәй басып.
Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.
Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,
Іш пыстырып, жалт-жалт қарап байқасып.
Жығылсам да жүгірумен өтемін,
Аяңшылдың ақылын мен не етемін.
Жығылармын, алқынармын, шаршармын,
Барар жерге бұрынырақ жетемін.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қасым аманжолов Hap тәуекел өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, қасым аманжолов өлеңдері, стихи на казахском языке касым аманжолов, касым аманжолов олендери, Hap тәуекел

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]