Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Махаббат-сезім сәбиі)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Махаббат-сезім сәбиі)

Махаббатты серік қып балдан шырын,
Міне,адамдар тағы бір арман шыңын.
Өтінерім, қашанда тату болып,
Жетегінде кетпеңдер алдамшының.

Махаббаттың білгенге мың қатпары,
Ол-сезімнің сәбиі құндақтаулы.
Адамдардың өзіне байланысты,
Арзандауы немесе қымбаттауы.

Халық деуші еді,қосылып жұп болыңдар,
Жұп болыңдар, еліме құт болыңдар.
Тілерім тек сыйластық қалсын мәңгі,
Зымыраумен сырғыған, біткен күнде әрі.

Болғанда өмір-арманың, уақыт-жүрек,
Несібесін әркімдер татып білед.
О,жұбайлар жалғасы келешектің,
Осы тосты алыңдар бақыт тілеп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
медеу демеу медеуұлы Махаббат-сезім сәбиі өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Махаббат-сезім сәбиі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]