Реферат: Қазақ әдебиеті |Орман Түктібаев

Реферат: Қазақ әдебиеті |Орман Түктібаев

Орман Түктібаев (Үрмәш) (17.11.1917, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Түктібаев ауылы - 20.7. 1944, Латвия, Лудза ауданы Нерзкое дер.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет ұбөлімшесінің командирі, кіші сержант. Қазақ. Ұжымшарда егін бригадирі болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарына Қазалы ауданы әскери комиссариатынан шақырылған (17.8.1941). 2-Прибалтика майданы 3-екпінді армия 391-атқыштар дивизиясы 1280-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 20 шілдеде Перелидер. (Латвия, Лудза ауданы) үшін ұрыста атыс позициясына бекінген Түктібаев қарсы шабуылға шыққан жауды атқылай бастады. Түктібаев тайсалмастан жаудың 20 әскерімен жеке айқасқа түсті. Осы шайқаста Түктібаев жаудың бірнеше әскерін жойып, ерлікпен қаза тапты. Түктібаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Туған жерінде Түктібаев есімімен аталатын ауылда ескерткіш орнатылған. Қазалы ауданының Бекарыстан би атындағы орта мектепке Түктібаев есімі берілген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Орман Түктібаев туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Орман Түктібаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]