Реферат: Биология | Амфибластула
        Амфибластула (гр. amphi — екі түрлі, қостүрлі; гр. bios — тіршілік; гр. blastos — ескін) — біржасушалы ұрық — зиготаның бөлшектенуі нәтижесінде түзілетін, пішіні шар тәрізді, ішкі қуысы сұйыққа толған қосмекенді жануарлар эмбриогенезінің алғашқы даму сатысындағы ұрығы. Амфибластуланың жоғарғы анимальды полюсі майда бластомерлерден (микромерлерден), ал төменгі вегетативті полюсі — цитоплазмасы сарыуызға бай ірі бластомерлерден (макромерлерден) тұрады. Амфибластуланың қуысы (бластоцель) анимальды полюске қарай ығыса орналасады. Ал оның қабырғасы (бластодерма) бірнеше қабат бластомерлерден тұрады. Бұл бластомерлердің көпқабатты бластодермаға айналуы — тангенциальды ( бластомерлер бөлшектенуінің зиготаның сыртқы бетіне параллельді бірнеше қабатқа жүруі) бөлшектену арқылы жүреді       
        
              
              
 
                           
        
         
 
  
            
 
 
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
|    | 
          | 
          | 
         | 
                     | 
   | 
         | 
 
     
Іздеп көріңіз: