Реферат: Биология | Медициналық сұрыптау Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары

Реферат:  Биология |  Медициналық сұрыптау  Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары

Медициналық сұрыптау. Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары



Апат кезінде көмек көрсетудің үш сатысы болады:



Оқшаулау. Сырттан көмек мүмкін емес. Тірі қалу мәселесі өзі немесе өзара көмек жолымен шешіледі. Бұл шараның ұзақтығының шегі әртүрлі.



Құтқару. Құтқару жұмыстарын жүргізу, зақымдалғандарды медициналық көмек көрсету пункттерінде орналастыру. Орындалған шұғыл көмектер өмірлік көрсеткіштер бойынша және эвакуациялау.



Қалпына келтіру. Зақымдалғандар мамандандырылған және арнайы көмек кезеңдеріне түсік, зақымдалу сипатына сәйкес емдеу қабылдап, реабилитацияланады.



Медициналық эвакуациялаудың І кезеңі (госпиталға дейінгі): науқастар мен зардап шеккендерге жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.



Медициналық эвакуациялаудың ІІ кезеңі (госпитальды). Бұл жерде зақымдалғандар шұғыл мамандандырылған және арнайы медициналық көмекті толық көлемде қабылдап, соңына дейін емделеді.



Медициналық сұрыптау.



Халықтың арасында жаппай санитарлық шығын бір мезгілде пайда болған кезде және медициналық күштер мен құралдар жеткіліксіз болғанда барлық зақымдалғандарға уақытында көмек көрсету мүмкін емес. Медициналық көмек пен эвакуациялаудың кезеңділігін белгілеуге тура келеді. Егер медициналық қызметкер оны дұрыс таңдамаса немесе кешігіп жатса, онда табиғаттың өзі бұл міндетті шешеді. Бұндай жағдайға Н.И. Пирогов 140 жыл бұрын ерекше әдіс – медициналық сұрыптауды ұсынған. Өзінің мәні бойынша медициналық сұрыптау адамгершілікті, рухани кішіпейілділікті талап етеді. Өкінішке орай, күрделі стрессті жағдайларда дәрігерлер медициналық сұрыптауды ұмытып кете ескермей, міндетті түрде тез арада көмек көрсету керек адамдарға емес, көзіне бірінші көрінген адамға көмек көрсетеді. Бұл өмірін сақтап қалып, толық өмір сүру мен еңбек етуге оралтуға болатындай, бірақ зақымдалғандарды кейде қаза табуына әкеліп соғады. Медициналық сұрыптау – зардап шеккендерді медициналық көрсеткіштері мен нақты жағдайларға байланысты бірыңғай емдеу-профилактикалық және эвакуациялау шараларды қажет етуі қағидасы бойынша топтарға бөлу әдісі. Сұрыптаудың мақсаты – оптималды көлемде медициналық көмекті уақытында көрсету және ұтымды эвакуация жасау.



Уақытында көмек көрсетілген болып саналады, егер зақымдалған адамның өмірі құтқарылса және қауіпті асқынулардың алдын алса.



Медициналық сұрыптауға қойылатын негізгі талаптар.



1. Уақытында, бірте-бірте жүргізу.



2. Тез арада, ұйымдастырылған түрде жүргізу.



3. Жүргізілу толықтығы, қайта қарауларды болдырмау.



4. Құжаттарды уақытында дұрыс толтыру.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Медициналық сұрыптау Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Медициналық сұрыптау Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]