Реферат: Биология | ЛЕЙКОПЕНИЯ

Реферат:  Биология | ЛЕЙКОПЕНИЯ

Шеткі қанда лейкоциттердің саны 4 • 109/л-ден төмен азаюын лейкопения дейді. Пайда болу себептеріне қарай олар былай ажыратылады:

1. Инфекциялық (іш сүзегі, тұмау, қызылша, қызамық, туберкулез, мерез, созылмалы сепсис, сарып, безгек ж. б.) лейкопениялар;

2. Уыттық өндірістік (бензол, мұнай өнімдері, фторлық сутегі, күкірт ангидриді, үшнитротолуол, гидрохинон ж. б.) лейкопениялар;

3. Дәрі-дәрмектік (амидопирин, сульфамидтік дәрілер, синтомицин, сынаптық, мышьяктық дәрілер, адриамицин, 6-меркаптопурин, сарколизин, тиоТЭФ ж. б. ісіктерді емдейтін дәрілер) лейкопениялар;

4. Радиациялық (иондағыш сәулелер) лейкопениялар;

5. Қан аурулары (созылмалы анемиялар, лейкоздар) кездеріндегі лейкопениялар;

6. Кейбір эндокриндік аурулар (акромегалия, Аддисон ауруы) кездеріндегі лейкопениялар;

7. Жоғары нерв жүйесі әрекеттері бұзылғанда, шок пен коллапс кездеріндегі ж. б. лейкопениялар болады.

Олардың даму жолдарының негізінде мыналар болуы мүмкін:

1. Сүйек кемігінде лейкопоездың тежелуі және лейкоциттердің өндірілуі, жетілуі, шеткі қанға шығуы бұзылуы;

2. Антилейкоциттік антиденелердің түзілуіне және лейкоагглютинацияға, лейкоциттердің ыдырауына әкелетін аутоиммундық серпілістері;

3. Лейкоциттердің өндірілуіне қажетті заттардың, витаминдердің жеткіліксіздігінен олардың өндірілуінің бұзылуы;

4. Олардың өндірілуінің нервтік және гуморалдық реттелуінің бұзылуы.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ЛЕЙКОПЕНИЯ туралы реферат биология казакша на казахском, реферат ЛЕЙКОПЕНИЯна казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]