Реферат: Патриоттық әндердің жинағы

Реферат: Патриоттық әндердің жинағы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұраны
Өлеңі: Н. Ә.Назарбаев
Ж. Нәжімеденов
Әні: Ш. Қалдыаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Государственный гимн Республики Казахстан
(Подстрочный перевод)
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,

Родина моя – мой Казахстан.
У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.
Елім менің
Өлеңі: Н. Ә.Назарбаев
Әні: Б. Тілеуханов.

Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер жаса, қазағым менің.
Қазақстаным - жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім
Бостандық еді ау, асыл арманым.

Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.

Бабамның қаны , анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке, бірлік - қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсін жауың , сүйінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.
ЖЕРІМ МЕНІҢ
сөзі: Н. Назарбаев
әні: Б. Тлеуханов

Байлығы қазағымның кең даласы,
Ырыстың ұясындай сай-саласы.
Туған жер қасиетіңнен айналайын,
Таусылмас ұрпағыңның қазынасы.
О-о-о жерім менің.
Қайырмасы:
Атамекен
Өлеңі: Қ. Мырзалиев
Әні: Е. Хасанғалиев

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы

Қазақстан
Әні мен сөзін жазған: Р. Гайсин

Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей,
Өр өскен жемістердің бүрлеріндей.
Жомарттың қазынасындай жермен жарық,
Байлық пен сұлулықтың бөлшегіндей.

Қазақстан - елдің аты,
Қазақстан - жердің аты.
Қазақстан - ел жаннаты,
Қазақстан - жер жаннаты.

Ерлері аспанмен алысқандай,
Қыздары жарысқандай қалыс қалмай.
Қазақтың - ақ дастархан кең төріндей
Құшағы халықтардың табысқандай.
Қайырмасы.

Тынысы жер жаһанның келісіндей
Бір жылы бүгін ғасыр жеңісіндей.
Өмірі келешектің өрісіндей,
Төңірек келбетімнің жемісіндей.
Қайырмасы.

Отаным- Қазақстан
Өлеңін жазған: С. Тойлыбаев
Әні: А. Исағұлова.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.

Ғажап қой сұлу көктем, жасың, әні,
Тындарсың ән жүректің сазын әлі .
Шіркін – ай, жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың - тұнған байлық, қазыналы .
Қайырмасы.

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Қайырмасы.

Атамекен
Өлеңін жазған: Ш. Сариев
Әнін жазған: Ж. Тұяқбаев

Кең далам, толғанайын, толғайын,
Домбырам, қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!

Теңіздей тебірендім, тербедің,
Сапарда сағынышым, сен менің
Дүние сырларындай,
Мөлдіреп тұрғанындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!

Қайырмасы
Бақыт тұнған күндер-ай,
Жұлдыз тамған түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай -
Атамекен-ай!

Ғажап-ау, Атамекен ғаламат,
Бір саған тағдырымыз аманат.
Қымбатты даламыздай,
Сымбатты анамыздай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Жүрегім, жанымыздай
Бақыт тұнған күндер-ай
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай -
Атамекен-ай!
Қайырмасы.

Туған ел
Өленін жазған: М.Ниязбеков
Әні: Ө. Байділдаев.

Туған жер қандай көркем мөлдіреген.
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Ыстық-ақ мөлдіреген өзендерің,
Саяңда сайрап өскен өрендерің.
Мен едім соның бірі - қарыздармын,
Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

Қашан да қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.

Отан
Өлеңі: Н. Әлімқұлов.
Әні: И.Нүсіпбаев.

Туған Отан, дәулетің асқан,
Бақыт нұры сәулесін шашқан.
Асыл ана, мейірімі жылы
Еркелесем, кеудесін ашқан.

Кең алқапты шарпысын желің
Байлық тасып, шалқысын көлің.
Байтақ жатқан алыпсың өзің
Отан - ана, бақытты елім.

Асқар тауың, өзенің қандай
Орманыңды кеземін қандай.
Самалыңды жұтамын балдай
Бақыт құшқан өз елім қандай.

Қайырмасы.
Қазақстан-қыран далам
Өлені: Ш. Сариев.
Әні: С. Бәйтереков.

Сен қуансаң - қуанам таңдарыммен
Сен мұңайсаң - мұңаям бар жаныммен.
Тағдырым бір туған ел тағдырыңмен
Арманым бір, туған ел, арманыңмен.

Қазақстан - арман дала
Жұлдыз бақыт жанған дала.
Ақ бидайдай мерейі бар,
Ғарыш үшін шайқасты қасіретпен.

Қазақстан - арман дала,
Жұлдыз бақыт жанған дала.
Алатаудан ата берер,
Бақыт сыйлап таңдар саған.

Ақ көгершін
Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов

Ақ көгершін , көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Патриоттық әндердің жинағы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Патриоттық әндердің жинағы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Музыка жоспарымен, казакша реферат жоспар, Патриоттық әндердің жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]