Реферат: Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы

Реферат: Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы

[quote]


Радикалдық сополимерлену
Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерлердің бірге полимерленуін айтады. Ол тәжірибе жүзінде өте көп қолданылады. Сополимерлену нәтижесінде әр түрлі қасиеттері бар полимерлер алуға болады. Мысал ретінде бутадиен мен стиролды соплимерлеу реакциясын келтірейік:
nCH2=СН-CH=CH2+mCH2=CH=>[-CH2-CH=CH-CH2-]n-[-CH2-CH-]m

C6H5 C6H5

Реакция нәтижесінде бутадиен-стирол каучугі алынады.
Радикалдық сополимерлену үшін жоғарыда қаралған барлық заңдылықтар тән. Бірақ бірнеше мономерлердің қатысуы реакция сатыларын қиындатады. Екі мономердің сополимерленуін қарайық. өсетін радикалдардың активтігі тек соңғы буынның табиғатымен анықталады деп ұйғарып, сополимерлену құрамының теңдеуін шығару үшін төрт қарапайым өсу реакцияларын ескереміз:

Өсу реакциялары Өсу реакцияларының
жылдамдықтары
М1●+М1=>М1● V=k11[М1●][ М1]
М1●+М2=>М2● V=k12[М1●][ М2]
М2●+ М2=>М1● V=k21[М2●][ М1]
М2●+М2=>М2● V=k22[М2●][ М2]

мұнда Мi- і-типті мономер, Мі●-Мі буынымен аяқталатын макрорадикал, kji-Мі мономерінің Мj● радикалына қосылу реакциясының жылдамдық константасы.
Сополимерленген кезде мономерлердің реакцияға түсу жылдамдықтары мына теңдеулерімен сипатталады:
[М1●][ М1]+ k21[М2●][ М1] (1)

[М2●][ М2]+ k12[М1●][ М2] (2)
Екі теңдеуді бір-біріне бөлсе осы реакция жылдамдықтарының қатынасы шығады:

(3)
Сополимерлену кезінде жүйеде квазистанциор күй туады, яғни әр түрлі активті орталықтардың концентрациясын тұрақтайды. Квазистанциор күйдің шарты:
k12[М1●][ М2] = k21[М2●][ М1] (4)
осыдан
[М1●]= [ М2●] (5)
[М1●] мәнін (3) теңдеуіне қойып және де оның алымы мен бөлімін k12 k21 көбейтіп, кейбір жеңілдіктер жасағанда ол мынадай түрге келеді:

(6)
мұндағы r1=k11/k12 , r2=k22/k21 , r1, r2 , шамалары мономерлердің салыстырмалы активтігі не сополимерлену константалары деп аталады.
Олар радикалға «өз» және «бөтен» мономерлердің қосылу реакция жылдамдықтарының қатынасын көрсетеді. r1 және r2 мәндері реакйияға түсетін мономерлердің табиғатына байланысты. (6) теңдеуі сополимерлер құрамның дифференциалдық теңдеу деп аталады. Бұл теңдеу r1 және r2 константаларын анықтау үшін мономерлердің сополимерге түрлену дәрежесі 5-7% аспайтын, полимерленудің бастапқы сатысында қолданылады. Мұндай жағдайда [M1]/[M2] қатынасы тұрақты, ал сол мезгілдегі лездік қатынас:

болса сополимер құрамының теңдеуі мына түрге ауысады.
(7)
мұндағы [m1] және [m2] мономерлер буындарының макромолекуладағы концентрациясы.
Сополимер құрамының мономерлер қатынасына тәуелділігін «мономер қоспасының құрамы-сополимер құрамы» диаграммасы арқылы бейнелеу ыңғайлы.
Бұл суретте сополимер құрамын сипаттайтын қисық сызықтардың негізгі түрлері көрсетілген. Қисық сызықтардың формалары r1 және r2 константаларының мәндеріне байланысты. Екі мономердің сополимерленуге бейімділігі осы r1 және r2 мәндерімен анықталады. Осыған орай мынадай жағдайлар мүмкін.
1) r1=r2=1мұнда екі мономердің де өсіп келе жатқан макрорадикалдарға қосылу активтігі бірдей, сондықтан сополимер құрамы мономерлер қоспасының құрамына тең және оның тізбегіндегі буындар статистикалық әдіспен орналасқан. Мұнда сопалимерлер идеалды дейді.
2) r1>1, r2>1 мономерлердің кез келген ара қатынастары үшін сополимер активтігі жоғары М1мономермен байытылған.
3)r11; мономерлердің кез келген ара қатынастары үшін сополимер активтігі жоғары М2 мономермен байытылған.
4)r11 бұл жағдайда сополимер алынбайды, әр мономер өзінше полимерленеді.
Сополимерлену константаларын (r1және r2) тәжірибе жүзінде анықтауға болады. Олардың мәндері сополимер құрамын және тізбекте мономер буындарының орналасу ретін болжауға мүмкіндік береді.
Радикалдық полимерленуде r1және r2 мәндері, демек сополимер құрамы, еріткіштің табиғатына және температураға онша тәуелді емес.
r1және r2 мәндерін идеалды сополимерлену тұрғысынан қарастырса r1r2=1 шығады, яғни өсіп келе жатқан екі макрорадикалдың екі мономерді де қосып алу қабілеттілігі бірдей. Бұл шарт орындау үшін мына теңдік сақталу керек.

Идеал сополимерленетін біршама жүйелер бар. Мұндай жағдайда мономер буындары тізбекте кездейсоқ орналасады. Бірақ көп жүйелер үшін мономер мен радикалдағы полюстілік және кеңістіктік факторлардың әсерінен r1r2
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Полимерлер мен мономерлер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Полимерлер мен мономерлер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алкендердің қосылу реакциялары 1-сабақ (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Поликонденсация. Нейлон, лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Аниондарға сапалық реакция 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
реферат Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Химия жоспарымен, казакша реферат жоспар, Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]