Шығарма: Наурыз мерекесі

Шығарма: Наурыз мерекесі

6 «А»сынып Абдулла Балнұр
Жетекшісі: Жумагулова Раушан Боранбаевна
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы далада қызғалдақтар құлпыра өсiп, қызылды-жасылды кiлем төселедi. Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Ұлыстың ұлы мерекесiн тойлауға бүкіл халқымыз биыл дайындалып жатыр. Қысқы соғымның әбден сүрленген еттерін осы күнi қазанға салада. Сондықтан бұл Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынып, шаруаның бір малы екеу болып, көңілі өсіп, жасы үлкендер құшақтасып көрісіп, жаңа өспірім жас буын қуанысып күлісіп, жанның бәрі мәз-мейрам болады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiрсін! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына жер бетіндегі бүкіл байлықты тiлеймiн. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Наурыз мерекесі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Наурыз мерекесі на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Наурыз мерекесі жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Наурыз мерекесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]