Эссе: Аманат

Эссе: Аманат

Дүние есігін ашқалы бері біз тәуелсіз елдің ауасымен тыныс алып келеміз. Кіндік қанымыз тамған жердің қандай ыстық, әрі жақын екенін өсе келе көз жеткіздік. Отан амандығы-ел тәуелсіздігінің таңы бір дәлелі.

Көптеген адамдар тәуелсіздіктің қасіретпен келгендігін біле бермейді. Яғни, қазақ елінде болған жағдайы сезіне алмай, ұмытып жатады. Ал ата-бабамыздың сан жылдардан бері армандарын мақсатқа айналдырып жан аямай күрескен батырларымызды қалай ұмытпақшымыз? Олардың болашаққа деген сенімінің арқасында мәңгі ұмытылмас бақытты жеңіп берді. Біз үшін құрбан болғандардың ерлігі естен шығармау керек деп қорытынды шығаруға болады.

Ал енді біз жаңа заман келбетінің әдемілігін өз көзімізбен көре аламыз. Жарқыраған күнді, көк аспанды,көз тартардай керемет табиғатты, көңілді адамдарды күн өткен сайын көру қандай бақыт. Ата-бабамыздың берген бақытын жәй ала қоймай оны аманат ретінде қарастырып, қайтадан жоғалтудан аулақ болу міндетіміз деп санаймын. Осылайша біз тарихымызға көз жүгіртіп өз аманатымыз бар екенін еске түсіріп отырсақ міндетті түрде әлем картасынан ойып тұрып орын алатынай дәрежеге жетіміз. Қазіргі заманда айнала қарасақ, бақытты аманатқа ие миллиондаған адмадар жүреді, және әрқайсынын бір-біріне ұқсамайтын елге тигізер үлестері көп-ақ. Әрюбір өз елін көркейтуге байланысты міндетін атқарып жүр деген сеніммен, тәуелсіз елімізді мәңгілік дәрежеге көтереміз. Ел дамуына барша халыққа жәрдемші тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне қосылмасқа болмайды. Шыныменде "қазыр бой жарыстарын емес ой жарыстыратын заман". Мысалы осы күнге дейін әлі де аты өшпеген ұлы- ақын жазушаларымыздың өмірбаянын оқысақ олардың қолдарынан ешқашанда кітап түспеген, ерте кезден сауаттарын ашып, оқудан жалықпаған деп жазылады. Осыдан біз аталарамыздан үлкен үлги аламыз. Еліміздің ары қарай дамып көркендеуі үшин көп оқып, көп тоқыған жастар болшақ үшін қажет. Сондықтанда ой жарыстыратын заман болғандықтан білім алу керек. Бірақ мектеп білімімен шектеліп қана коймай артык білімге ие кітапқа жақын болу маңызды. Кітаптың жан дүниесін түсінген адам қыр - сырында біле алады. Кітап әрқашанда адамды рухани дамытады. Осы арқылы біз елімізді білім жағынан сапалы, әрі жаңа заманға сай дәрежеге көтереміз.

Келесі біз көркейтумен қатар халық бірлігін сақтауымыз қажет. " Бірлік болмай тірлік болмас "деп бекер айтпаған. Себебі, елдегі халық арасында бірлік болмаса бәрімізге ортақ аманатты ұстап тұра алмаймыз. Сол себепті де бірлікті аяқ астына таптамай, керісінші бір болуға талпыныс жасау маңызыды.

Менің ойымша, осы негізгі қадамдарға сүйенсек ата-баба арманын мәңгі етеміз. Сондықтан тәуелсіз елдің азаматы болып қалу өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Аманат на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Аманат туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Аманат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]