Эссе: Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Эссе: Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Алуа Іргебай

Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.

Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!

Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"

Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.

Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!

Бесінші ұстанымым - ақиқат (шындық). Ақиқат қашан да өзін - өзі ақтап алады. Ақиқат жолында азап шексең де, ол үлкен - абырой. Күндердің күнінде салтанат құрары хақ!

Алтыншы ұстанымым - " Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" деп, ұлы Абай нұсқағандай, мен де өн бойыма рухани азық алып, қоғамның кетігіне жол табатын кірпіші болып, қалансам деймін!

Жетінші ұстанымым - Ұлы Абайдың бес асылын көкейіме ұялату. "Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой". Таудай талаптанып, ерен еңбек етіп, терең ой түйіп, қанағат қылып, рақымды бола білсек, нұр үстіне нұр болып, бабамыз айтқандай, бірден-бір кемелденген жан болар едік! Осындай ақынның ақыл-кеңестері ақылыма сеп. Бұл құндылықтармен өмірім толыққанды болады.

Осылайша, қысқа сөзге қыруар ойымды сыйғыза отырып, осынау біліктіліктерден баянды бақыт нышанын байқағандаймын. Бүгінгі шегелеп айтқан сырлы сөздерім - ертеңгі болашағымның алтын көпірі іспеттес! Бәріміз үшін де өнегелі өмір сүрудің өзі үлкен ерлік, асқан мәртебе!

Өмірлік ұстанымым,
Дөп соққан ұсталығым.
Қабылдап дұрыс шешім
Қабыл бол! Нұсқа, ұғым.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Кабылдаган дурыс шешимдерим - менин омирлик устанымым на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]